Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында, Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен (бұдан әрі - Департамент) және оның құрылымдық басқармаларында сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыс жоспары әзірленіп, бекітілді.
Департаментте және аудандық, қалалық басқармаларында 2020 жылдың 12 айына сыбайлас жемқорлыққа тартылған басшылармен мамандар жоқ.
Департаменттің 2019 жылдың 01 қазанында «Қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жаңа жұмыс тобын құру туралы» №645-н бұйрығы бекітілді.
2020 жылдың 12 айында сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында Департаментпен келесідей жұмыстар атқарылды.
Департаменттің қызметіндегі құқықтық актілерде және басқа да нормативтік базада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызметтерді көрсету, рұқсат беру және бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 4 рет жүргізілді, тексеру қорытындысы бойынша аналитикалық анықтамасы ұсынылды.
2020 жылдың 12 айында аудандық және қалалық басқармаларда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 163 семинар өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында 21 мақала жарияланды және сенім телефонына 7 қоңырау келіп түсті.
Департаменттің қызметкерлер арасында Мемлекеттік қызметі туралы, мемлекеттік қызметшінің әдебі, мінез-құлық нормаларының сақталуы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы, мемлекеттік қызмет көрсету туралы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптары туралы заңдардын талаптарын сақтау жөнінде 4 семинар өткізілді.
Сонымен қатар, Департаменттің қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы және мемлекеттік қызметі туралы саласындағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар туралы нормалары және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңнаманың және «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» қағиданың талаптары бойынша 2 құқықтық жалпы оқыту өткізілді.
Департамент басшысымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өңірлік, яғни Ақсу, Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Іле, Жамбыл, Қаратал, Қарасай, Кербулақ, Көксу, Панфилов, Сарқан, Талғар, Ұйғыр, Кеген аудандық және Талдықорған қалалық басқармаларда кеңестер өткізілді.
Жұмысқа қабылдану және мемлекеттік қызметті атқару кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды, не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеу туралы жазбаша ескерту міндетті түрде алынады.
Департаменттің алқа мәжілісінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері тоқсан сайын қаралады. Қортындысы бойынша аудандық, қалалық басқармаларға ұсыныстар беріледі.