Алматы облысының санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау департаментінің
жеке және заңды тұлғаларды қабылдау
кестесін және call-орталығы
ақпаратты-анықтама қызметінің
байланыс нөмірлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» № 221 Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ергали Жақсыбекулы Сыдымановтың жеке және заңды тұлғаларды қабылдауы сейсенбі күні сағат 15-00 ден 17-00 ге дейін бекітілсін.
- Департамент басшысының орынбасары, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Асхат Сакенович Чарапиевтың жеке және заңды тұлғаларды қабылдауы дүйсенбі күні сағат 15-00 ден 17-00 ге дейін және жұма күні сағат 10-00 ден 12-00 ге дейін бекітілсін.
- Департамент басшысының орынбасары Айгуль Амангельдыновна Жунусованың жеке және заңды тұлғаларды қабылдауы бейсенбі күні сағат 15-00 ден 17-00 ге дейін бекітілсін.
- Департамент басшысының орынбасары Гаухар Султановна Каткенованың жеке және заңды тұлғаларды қабылдауы сәрсенбі күні сағат 10-00 ден 12-00 ге дейін бекітілсін.
- Департаменттің call-орталығы ақпаратты-анықтама қызметінің байланыс нөмірлері 88000809085, 8/7282/60-11-70 болып бекітілсін және қабылдау бөлімінде тіркеу журналы жүргізілсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.
Департамент басшысының м.а. А.Чарапиев