Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеп-тексеру жүргізу негізі: 2026 ж. 21.08. науқастарға МКБ-10 А 15.0 халықаралық жіктемесінің коды бойынша шұғыл хабархаттар
- Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы: «Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Қарасай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
- Тартылған сарапшылар: талап етілмейді.
- Тергеу жүргізу мерзімі: 25.08. -03.09.2026 ж.
- Тергеу жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, ШЖҚ "Қарасай клиникалық көп бейінді орталық аудандық ауруханасы" МКК –ның Қошмамбет ауылының ДА.
- Нормативтік талаптардың анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы құқықтық актілер:
- Учаскелік дәрігермен халық арасында туберкулездің алғашқы белгілері және оның алдын алу әдістері туралы түсіндіру жұмыстары толық жүргізілмейтіні анықталды (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а 2022 жылғы 28 наурыздағы № ҚР ДСМ-29 «Инфекциялық аурулардың (туберкулез) алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 2 тарау, 19-тармақ 4 тармақшасы) .
- Туберкулезге жыл сайынғы міндетті флюрографиялық зерттеп-қарауға жататын ауру қаупі жоғары халық топтарының тізбесіне сәйкес науқас (өкпесінде кез келген этиологиядағы қалдық құбылысы бар) флюорографиялық тексеруден өтуі медицина қызметкерлері тарапынан қадағаланбаған. (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығының 3 тарау, 79, 80 тармақ 3 тармақшасы).
- Қабылданған шаралар:
- Орындау мерзімдерін көрсете отырып, салдарларды жою және олардың
қайталануының алдын алу жөніндегі іс-шаралар жүргізу мақсатында ұсыныстар берілді, Қарасай клиникалық көп бейінді орталық аудандық ауруханасының Қошмамбет ауылының дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелі дәрігеріне әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынды.