Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

     1.Тергеп-тексеру жүргізу негізі: 2026 ж. 03.08. науқастарға МКБ-10  А 16.0  халықаралық жіктемесінің коды бойынша шұғыл хабархаттар

  1. Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы: «Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Қарасай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
  2. Тартылған сарапшылар: талап етілмейді.
  3. Тергеу жүргізу мерзімі: 05.08. -24.08.2026 ж.
  4. Тергеу жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Қарасай ауданы, Елтай, ШЖҚ "Қарасай клиникалық көп бейінді орталық аудандық ауруханасы" МКК –ның Исаев ауылының ФАП.
  5. Нормативтік талаптардың анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы құқықтық актілер:
  6. Учаскелік медицина қызметкерлерімен халық арасында туберкулездің алғашқы белгілері және оның алдын алу әдістері туралы түсіндіру жұмыстары толық жүргізілмейтіні анықталды (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а 2022 жылғы 28 наурыздағы № ҚР ДСМ-29 «Инфекциялық аурулардың (туберкулез) алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 2 тарау, 19-тармақ 4 тармақшасы) .
  7. Туберкулезге жыл сайынғы міндетті флюрографиялық зерттеп-қарауға жататын топтарының тізбесіне сәйкес науқас (жалпы білім беретін мектептердің қызметкерлері) флюорографиялық тексеруден өтуі учаскелік медицина қызметкерлері тарапынан қадағаланбаған. (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығының 3 тарау, 80 тармақ  16 тармақшасы).
  8. Қабылданған шаралар:

- Орындау мерзімдерін көрсете отырып, салдарларды жою және олардың

қайталануының алдын алу жөніндегі іс-шаралар жүргізу мақсатында ұсыныстар берілді, Қарасай клиникалық көп бейінді орталық аудандық ауруханасының Исаев ауылының ФАП-ның жалпы тәжірибелі дәрігеріне әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
Дата публикации
30 сентября 2026