Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

     1.Тергеп-тексеру жүргізу негізі: 2026 ж. 31.07. науқастарға МКБ-10  А 15.0  халықаралық жіктемесінің коды бойынша шұғыл хабархаттар

  1. Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы: «Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Қарасай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
  2. Тартылған сарапшылар: талап етілмейді.
  3. Тергеу жүргізу мерзімі: 04.08. -21.08.2026 ж.
  4. Тергеу жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Қарасай ауданы, Елтай, ШЖҚ "Қарасай клиникалық көп бейінді орталық аудандық ауруханасы" МКК –ның Елтай ауылының ДА.
  5. Нормативтік талаптардың анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы құқықтық актілер:

1.Туберкулездің белгілері бар науқасқа диагностиканың молекулалық-генетикалық әдісі және қақырыққа микроскопиялық зерттеу жүргізілмеген. (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығының 3 тарау, 70 тармақ  5,6 тармақшасы).

  1. Қабылданған шаралар:

- Орындау мерзімдерін көрсете отырып, салдарларды жою және олардың

қайталануының алдын алу жөніндегі іс-шаралар жүргізу мақсатында ұсыныстар берілді, Қарасай клиникалық көп бейінді орталық аудандық ауруханасының Елтай ауылының дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелі дәрігеріне әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

 

Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
Дата публикации
30 сентября 2026