Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеп-тексеру жүргізу негізі: 2026 ж. 29.07. науқастарға МКБ-10 А 16.0 халықаралық жіктемесінің коды бойынша шұғыл хабархаттар
- Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы: «Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Қарасай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
- Тартылған сарапшылар: талап етілмейді.
- Тергеу жүргізу мерзімі: 29.07. -19.08.2026 ж.
- Тергеу жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, ШЖҚ "Қарасай клиникалық көп бейінді орталық аудандық ауруханасы" МКК –ның Алмалыбақ ауылының ДА.
- Нормативтік талаптардың анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы құқықтық актілер:
- Учаскелік медицина қызметкерлерімен халық арасында туберкулездің алғашқы белгілері және оның алдын алу әдістері туралы түсіндіру жұмыстары толық жүргізілмейтіні анықталды (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а 2022 жылғы 28 наурыздағы № ҚР ДСМ-29 «Инфекциялық аурулардың (туберкулез) алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 2 тарау, 19-тармақ 4 тармақшасы) .
- Туберкулезге жыл сайынғы міндетті флюрографиялық зерттеп-қарауға жататын ауру қаупі жоғары халық топтарының тізбесіне сәйкес науқас (өкпенің созылмалы обструктивті ауруларымен) флюорографиялық тексеруден өтуі медицина қызметкерлері тарапынан қадағаланбаған. (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығының 3 тарау, 79, 80 тармақ 2 тармақшасы);
- Қабылданған шаралар:
- Орындау мерзімдерін көрсете отырып, салдарларды жою және олардың
қайталануының алдын алу жөніндегі іс-шаралар жүргізу мақсатында ұсыныстар берілді, Қарасай клиникалық көп бейінді орталық аудандық ауруханасының Алмалыбақ ауылының дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелі дәрігеріне әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынды.