Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеп-тексеру жүргізу негізі: 2026 ж. 21.07. науқасқа МКБ-10 А 15.0 халықаралық жіктемесінің коды бойынша шұғыл хабарлама.
- Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы: «Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Еңбекшіқазақ аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
- Тартылған сарапшылар: талап етілмейді.
- Тергеу жүргізу мерзімі: 22.07.-06.08.2026 ж.
- Тергеу жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Еңбекшіқазақ ауданы, Талдыбұлақ ауылы, Байгазиева көшесі №33 Талдыбұлақ ауылдық дәрігерлік амбулатория.
- Нормативтік талаптардың анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы құқықтық актілер:
- Туберкулезге жыл сайынғы міндетті флюорографиялык зерттеп қарауға жататын адамдар; медициналық қызметкер- 1, студенттер- 2, жасөспірімдер- 2, әскери қызметке шақырылған -2 өтпеген. (ҚР ДСМ 30.11.2020 ж, №214 бұйрык, 3 параграф, 81 тармақ, 1,3, 4, 5 тармақшалары)
- Тіркелген науқас бойынша жалпы тежірибиелік учаске медициналық қызметкерлері сауықтыру жоспары жасалмаған. (ҚР ДСМ 28.03.2022ж №29 бұйрық, 2 тарау, 56 тармақ).
- Қабылданған шаралар:
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (425 бап 1 бөлім).