Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

     1.Тергеп-тексеру жүргізу негізі: 2026 ж. 29.07. науқасқа МКБ-10 А 15.0 халықаралық жіктемесінің коды бойынша шұғыл хабарлама.

  1. Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы: «Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Еңбекшіқазақ аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
  2. Тартылған сарапшылар: талап етілмейді.
  3. Тергеу жүргізу мерзімі: 30.07.-18.08.2026 ж.
  4. Тергеу жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, «Болашақ» алғашқа медициналық-санитариялық көмек көрсету орталығы______________________________________________
  5. Нормативтік талаптардың анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы құқықтық актілер:
  6. Науқас туралы мәлімет жұқпалы ауруларды есепке алу журналына енгізілмеген.

№ ҚР ДСМ-169/2020 бұйрығы 2 ші бөлім, 12-тармақ.

  1. Туберкулезге жыл сайынғы міндетті флюорографиялык зерттеп қарауға жататын адамдар; жасөспірімдер-1, медициналық қызметкер-2 өтпеген. (ҚР ДСМ 30.11.2020 ж, №214 бұйрык, 3 параграф, 81 тармақ, 1, 5 тармақшалары)
  2. Қабылданған шаралар:

- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (425 бап 1 бөлім).

Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
Дата публикации
30 сентября 2026