Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

     1.Тергеп-тексеру жүргізу негізі: 2026 ж. 28.05. науқасқа МКБ-10 А 15.0 халықаралық жіктемесінің коды бойынша шұғыл хабарлама.

  1. Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы: «Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Еңбекшіқазақ аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
  2. Тартылған сарапшылар: талап етілмейді.
  3. Тергеу жүргізу мерзімі: 18.06.-25.06.2026 ж.
  4. Тергеу жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Еңбекшіқазақ ауданы, Тескенсу ауылы, Токбаев көшесі №6 мекен-жайында орналасқан ЖШС «Istore».  
  5. Нормативтік талаптардың анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы құқықтық актілер:

- Науқастың 1 жылдан астам, әлсіздік, қақырықпен жөтел, ентгіу санамаланған клиникалық симптомдары МСАК көрсететін ұйымда диагностиканың молекулалық-генетикалық әдісі және қақырыққа микроскопиялық зерттеу жүргізілмеген (ҚР ДСМ-214/2020 30.11.2020ж.  «Туберкулез профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының  3-параграф, 70 тармақ).

- Тіркелген науқас бойынша, жалпы тәжірбиелік учаске медицина қызметкері сауықтыру жоспарын жасамаған (ҚР ДСМ «Инфекциялық аурулардың (туберкулез) алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары 28.03.2022ж. №29 бұйрық, 2-тарау, 56 тармақ).

- Халық арасында туберкулездің алғашқы белігілері және оның алдын алу әдістері  туралы түсіндіру жұмыстары толық жүргізілмеген (ҚР ДСМ «Инфекциялық аурулардың (туберкулез) алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары 28.03.2022ж. №29 бұйрық, 2-тарау, 1- тармақ, 4 тармақшасы).

 

        8. Қабылданған шаралар: Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (425 бап 1 бөлім).

Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
Дата публикации
29 июня 2026