Азық-түлік өнімдерінің үлгілерін зерттеу хаттамаларына сәйкес:
- №2260001027339528 20.04.2026 жылғы – бройлер балапанының жілігі, өндіруші: ЖШС «УСА», Ресей Федерациясы, Самара қаласы, Киров даңғылы, 24-үй, 15-құрылыс, 128-кеңсе, 1 дана. Өнім атауы, құрамы, саны, өндірілген күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, өндіруші туралы мәліметтер және тағамдық құндылығы мемлекеттік тілде көрсетілмеген (ТР ТС 022/2011 «Таңбалану бөлігі бойынша азық-түлік өнімдері»).
- №2260001027339526 20.04.2026 жылғы – бройлер балапанының қанаты, өндіруші: ЖШС «УСА», Ресей Федерациясы, Самара қаласы, Киров даңғылы, 24-үй, 15-құрылыс, 128-кеңсе, 1 дана. Өнім атауы, құрамы, саны, өндірілген күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, өндіруші туралы мәліметтер және тағамдық құндылығы мемлекеттік тілде толық көлемде көрсетілмеген (ТР ТС 022/2011 «Таңбалану бөлігі бойынша азық-түлік өнімдері»).
Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің және (немесе) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарының талаптарына сәйкес келмейтін өнімді (тауарды) өткізуден алып қою және кері қайтарып алу жөніндегі жедел ден қою шарасын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2026 жылғы 28 сәуірдегі №3 ҚАУЛЫСЫ шығарылды.
Тергеп-тексеру барысында бройлер балапанының жілігі мен бройлер балапанының қанаты Алматы қаласы, Әуезов ауданы, 1-ықшамаудан, 79-үй, 42-пәтер мекенжайында орналасқан «А-Трейд» ЖШС-нен сатып алынғаны анықталды.