Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

 

  1. Тергеп-тексеру жүргізуге негіз болған құжаттар: 2026 жылғы 17 сәуірдегі №2260001027332963 тағам өнімдері үлгісін зерттеу хаттамасы, 2026 жылғы 16 сәуірдегі №2260001067286945, №2260001067287337 және 2026 жылғы 17 сәуірдегі №2260001067286617 полимерлік және өзге де материалдардан жасалған бұйымдардың, химиялық заттар мен композициялардың үлгілерін зерттеу хаттамалары.
  2. Тартылған сарапшылар (деректерін пайдалануға келісімі): тартылған жоқ.
  3. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 03.04.2026 ж. – 30.04.2026 ж.
  4. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ЖК Усенова А., Ұйғыр ауданы, Үлкен Ақсу ауылы.
  5. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты:

Тағам өнімдері үлгісін зерттеу хаттамасына сәйкес:

- 2026 жылғы 17 сәуірдегі №2260001027332963 – «AL QUAT» түйіршіктелген қара шай. Өндіруші: «Arliana Sauda» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы. 1 дана, 0,755 кг. Өндірушінің атауы мен мекенжайы мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілмеген (ТР ТС 022/2011 4-бабының 4.1-тармағының 1-тармақшасының 1.1-тармақшасына сәйкес).

Полимерлік және өзге де материалдардан жасалған бұйымдардың, химиялық заттар мен композициялардың үлгілерін зерттеу хаттамаларына сәйкес:

- 2026 жылғы 16 сәуірдегі №2260001067286945 – «Calgon 3 в 1» суды жұмсартуға және қақтың түзілуінің алдын алуға арналған құрал. Өндіруші: «Рекитт Бенкизер» ЖШҚ, Ресей Федерациясы, Мәскеу облысы, Клин қаласы, Терешкова көшесі, 1-үй. 1 дана. Өнім партиясының нөмірі сәйкестендірілмейді, себебі ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілмеген. Ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілуі тиіс (ЕСТ №299, 2-бөлім, 5-бөлімше, 1.4-тармақ, 1.4.1 және 1.4.3-тармақшалар).

- 2026 жылғы 16 сәуірдегі №2260001067287337 – «Poyal Luxury» дәрет сабыны. Өндіруші: Silk Route Beauty Products OFE, Дубай қ., БАӘ, 1 дана. Өндірілген күні мен жарамдылық мерзімі тек орыс тілінде көрсетілген, мемлекеттік тілде көрсетілмеген. Ақпарат өнім өткізілетін ЕАЭО мүше мемлекетінің мемлекеттік тілінде көрсетілуі тиіс (ТР ТС 009/2011 5-бабының 9.2, 9.3, 9.5-тармақтарына сәйкес). Қолдану тәсілі мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілмеген. Парфюмериялық-косметикалық өнім партиясын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін партия нөмірі немесе арнайы код мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілмегендіктен сәйкестендірілмейді (ТР ТС 009/2011 5-бабының 9.2, 9.3, 9.5-тармақтарына сәйкес).

- 2026 жылғы 17 сәуірдегі №2260001067286617 – «Карина» майлықтары. Өндіруші: «Папироне» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қазыбаев көшесі, 264В. 1 дана. Өнім партиясының нөмірі сәйкестендірілмейді, себебі ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілмеген. Ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілуі тиіс (ЕСТ №299, 2-бөлім, 12-бөлімше, 4-тармақтың 7, 9-тармақшалары; «Өнімді таңбалауға қойылатын талаптар» ТР 2-бөлімінің 8-тармағы).

  1. Қабылданған шаралар:

2026 жылғы 28 сәуірдегі №2 техникалық регламенттердің және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарының талаптарына сәйкес келмейтін өнімді (тауарды) айналымнан алып қою және кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шарасын қолдану жөніндегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысы шығарылды.

Тергеп-тексеру барысында «AL QUAT» түйіршіктелген қара шайының Алматы қаласының Алмалы ауданында орналасқан «AL-BURHAN TEA» ЖК-нен сатып алынғаны анықталды.

«Calgon 3в1» суды жұмсартуға және қақтың түзілуінің алдын алуға арналған құралы, «Poyal Luxury» дәрет сабыны және «Карина» майлықтары Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Құрманғазы көшесі, 178/82-үй мекенжайында орналасқан «Green House Limited» ЖК-нен сатып алынғаны анықталды.

 

 

 

 

 

Дата публикации
23 июня 2026