Сушиді қалай дұрыс сақтау керек?
Сушиден тамақтан уланудың алдын алу үшін оның сақтау жағдайы мен жарамдылық мерзімінің, жеткізу ерекшеліктеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау қажет.
Температура режимі
- +2 °C-тан +6 °C-қа дейінгі температурада сақтаңыз.
- Бөлме температурасында 2 сағаттан артық, ал ыстық ауа-райында 1 сағаттан артық сақтауға жол бермеңіз.
- Жеткізу кезінде термиялық сөмкелерді немесе қажетті температураны сақтайтын басқа жабдықты пайдалану керек.
Сақтау шарттары
- Ластанудан және бөгде иістерден қорғау үшін жабық қаптамада немесе контейнерде сақтаңыз.
- Шикі ет, құс еті, балық және басқа да ластану көзі болуы мүмкін тағамдардың жанына қоймаңыз.
- "Бірінші пісірілген-бірінші қолданылған"қағидасын ұстаныңыз.
Тоңазытқышқа қойылатын талаптар
- Тұрақты температураны +6 °C жоғары емес ұстаңыз.
- Суық ауаның айналымын қамтамасыз ету үшін тоңазытқышты шамадан тыс жүктемеңіз.
- Сақтау температурасын үнемі бақылап отырыңыз.
Шикі балық сушиін сақтау ерекшеліктері
- Шикі балық сушиі мен орамдары эпидемиологиялық қаупі жоғары тағамдар болып табылады.
- Оларды әзірленгеннен кейін мүмкіндігінше тез тұтыну ұсынылады.
- Бөлме температурасында ұзақ уақыт болғаннан кейін қайта салқындату өнімді қауіпсіз етпейді.
Тыйым салынады
- Сушиді бөлме температурасында ұзақ уақыт сақтаңға.
- Жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін сушині қолдануға.
- Бүліну белгілері пайда болған кезде өнімді қолдануға (жағымсыз иіс, түсінің өзгеруі, шырышты консистенция).
Халыққа арналған жадынама: сушиді тек тоңазытқышта +2...+6 °C температурада сақтаңыз, дайындаған күні тұтыныңыз және өнімді тоңазытқыштан 2 сағаттан артық қалдырмаңыз.