Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеу жүргізу негізі: 2026ж. 11.03. №39 шұғыл хабарлама, халықаралық жіктемесінің коды бойынша -10 К 12.2
- Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы: «Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Қарасай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): талап етілмейді
- Тергеу жүргізу мерзімі: 17.03. - 22.04.2026ж.
- Тергеу жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ЖК "Islam dent" стоматологиясы Иргелі ауылы, Асыл-арман ықшам ауданы №12 үй
- Нормативтік талаптардың анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы құқықтық актілер:
- Стоматология кабинетінде қолды өңдеу үшін антисептик жоқ және қолды антисептик қолданып өңдеу жүргізілмейді (02.12.2022 жылғы № ҚР ДСМ-151 бұйрығы 2 қосымша, 3 тарау, 8 тармақ);
- А, Б классындағы медициналық қалдықтарды сақтайтын контейнерлер қолдану түріне қарай таңбаланбаған, бетінде қақпағы жоқ (11.08.2020ж. № ҚР ДСМ -96/2020 бұйрығы (7-тарау, 178, 180, 181-тармақтар);
- Стоматологиялық инструментер азопирам (жасырын қанның болуын анықтау үшін) және фенолфталеин сынамасы (сілтілі компоненттердің қалдықтарын анықтау үшін) жоқ, және арнайы журналда тіркелмейді (29.07.2022ж. № ҚР ДСМ-68 бұйрығы 3-тарау, 41-тармақ, 7 қосымша, 45 – тармақ);
- Стоматологиялық инструменттердің стерилизация сапасын бақылау жүргізілмейді, тест индикаторлар тексеру кезінде болған жоқ (29.07.2022ж. № ҚР ДСМ-68 бұйрығы 3-тарау, 41-тармақ, 7 қосымша, 45 – тармақ);
- Жуып тазалауға арналған құралдары толық емес (шүперектері) жоқ. (11.08.2020ж. № ҚР ДСМ -96/2020 бұйрығы 5-тарау, 52 тармақ).
Қабылданған шаралар:
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес 1 жеке тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.