Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеп-тексеру жүргізу негізі: науқасқа 2025 ж. 20.12 халықаралық аурулардың жіктемесінің-10 В 05.9 коды бойынша №9,10 шұғыл хабарлама
- Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы: «Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Еңбекшіқазақ аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
- Тартылған сарапшылар: талап етілмейді.
- Тергеу жүргізу мерзімі: 24.12.2025 - 06.01.2026 ж.
- Тергеу жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Еңбекшіқазақ ауданы, Қорам ауылында орналасқан «Қорам ауылдық дәрігерлік амбулаториясы».
- Нормативтік талаптардың анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы құқықтық актілер: бұзушылықтар анықталмады;
- Қабылданған шаралар: бұзушылықтар анықталған жоқ.