АВП дегеніміз не және ол неліктен маңызды?
- АВП (Адам папилломасы вирусы) — бұл өте кең таралған инфекция. Кез келген адам өмір бойы бұған тап болуы мүмкін.
- Басты қауіп: АВП-ның белгілі бір онкогенді түрлері жатыр мойны обырын (Қазақстанда әйелдер арасында ең көп таралған қатерлі ісіктің екінші түрі), сондай-ақ әйелдер мен ерлер арасында онкологияның басқа да түрлерін тудырады.
- Шешім бар: Вакцинация — АВП-мен байланысты қатерлі ісіктің дамуын болдырмаудың жалғыз тиімді жолы. Ол ағза вируспен жанасқанға дейін қорғаныс қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық профилактикалық егіпеу күнтізбесіне енгізілген
- Жасы: 11 жас (қыздар).
- Курс: 6 айлық аралықпен 2 доза.
Неліктен дәл 11 жаста? Бұл жаста иммундық жүйе вакцинаға ең жақсы және ең тұрақты жауап береді. Вакцинация жыныстық өмір басталғанға дейін, яғни вируспен ықтимал жанасуға дейін жасалса, барынша тиімді болады.
Толықтырушы (қуып жету) вакцинация (Маңызды толықтыру!)
- Негіздеме: ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы.
- Жасы: 14 жастан 17 жасқа дейінгі (қоса алғанда) қыздар мен бойжеткендер.
- Бұл не деген сөз? Егер қандай да бір себептермен қыз бала 11 жасында екпе алмаса, мемлекет жасөспірім шағында тегін вакцинациядан өту мүмкіндігін ұсынады.
- Мақсаты: Сенімді ұжымдық иммунитет құру және жас қыздар буынын қауіпті дерттен қорғау.
Қауіпсіздік пен тиімділік
- Әлемдік тәжірибе: АВП-ға қарсы вакцина әлемнің 130-дан астам елінде (соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Австралия) сәтті қолданылып келеді. Вакцинация ерте басталған елдерде жатыр мойны обырына шалдығу деңгейі дерлік 90%-ға төмендеді.
- Қауіпсіздік: Вакцинаның құрамында тірі вирус жоқ, ол инфекция тудыра алмайды және болашақта фертильділікке (репродуктивті функцияға) әсер етпейді.
Вакцинаны қалай алуға болады?
- Тіркелген жеріңіз бойынша өз емханаңызға немесе мектептегі медициналық пунктке хабарласыңыз.
- Вакцинация тегін жүргізіледі (медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде).
АВП-ға қарсы вакцинация — бұл жай ғана екпе емес. Бұл балаңыздың болашақ денсаулығы мен өміріне деген қамқорлық. Уақытында қорғаңыз!