Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеп-тексеру жүргізу негізі: 2026 ж. 20.02. науқасқа МКБ-10 А 15.0 халықаралық жіктемесінің коды бойынша шұғыл хабарлама.
- Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы: «Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Еңбекшіқазақ аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
- Тартылған сарапшылар: талап етілмейді.
- Тергеу жүргізу мерзімі: 06.03. – 11.03.2026 ж.
- Тергеу жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Еңбекшіқазақ ауданы, Көктөбе ауылы, Нұрманбетов көшесі №55а мекен-жайында орналасқан Көктөбе ауылдық дәрігерлік амбулаториясы.
- Нормативтік талаптардың анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы құқықтық актілер: ҚР ДСМ 28.03.2022 ж. №29 бұйрығының 2-тарау, 1- тармақ, 4 тармақшасы 2-тарау, 21 тармақ; 2-тарау, 56 тармағы және ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығы 3-параграф, 80 тармақ, 4 тармақшасы;
- Қабылданған шаралар:
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес жеке тұлғаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (425 бап 1 бөлім).