Департамент облыстық ветеринариялық инспекциясымен, облыстық ветеринария басқармасымен, Ақтөбе облысының полиция департаментімен бірлесіп, жануарлардан адамға берілетін жұқпалы аурулар аса қауіпті инфекциялар тіркелген кезде ауру ошағын локализациялау және дер кезінде эпидемияға қарсы шаралардың мәселесі бойынша өндірістік кеңес өткізді.

Департамент облыстық ветеринариялық инспекциясымен, облыстық ветеринария басқармасымен, Ақтөбе облысының полиция департаментімен бірлесіп, жануарлардан адамға берілетін жұқпалы аурулар аса қауіпті инфекциялар тіркелген кезде ауру ошағын локализациялау және дер кезінде эпидемияға қарсы шаралардың мәселесі бойынша өндірістік кеңес өткізді.

Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыстық ветеринариялық инспекциясымен, облыстық ветеринария басқармасымен, Ақтөбе облысының полиция департаментімен бірлесіп, жануарлардан адамға берілетін жұқпалы аурулар аса қауіпті инфекциялар тіркелген кезде ауру ошағын локализациялау және дер кезінде эпидемияға қарсы шараларды, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу мақсатында өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мәселесі бойынша кеңес өткізуде.

               2021 жылы Ақтөбе облысының аумағында адамдар арасында оба, құтырма ауруымен ауырғандар тіркелген жоқ.

               Алайда, сібір жарасына қатысты санитариялық-эпидемиологиялық жағдай күрделі болды. Мәселен, өткен жылдың қыркүйек айында Хромтау ауданы, Ақжар ауылындағы «Жаңа қоныс» малшаруашылығы пунктінде сібір жарасының 3 жағдайы тіркелген. Эпидемиологиялық тексеру барысында инфекцияның ошағы - ауру малды ветеринариялық сараптамасыз мәжбүрлеп сою анықталды. Ауру малмен байланыста болған, етін тамаққа пайдаланған және өлекселерді тасымалдаған 28 адам анықталды. Барлық байланыста болған адамдар дәрігерлердің бақылауына алынды.

               Науқастардың барлығы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, тиісті ем алғаннан кейін олар ауруханадан шығарылды.

               Сібір жарасына қарсы профилактикалық егу жоспарлы түрде жүргізіліп, 797 адам егілді.

            Бруцеллез – зооноздық инфекция, оның қоздырғышы адамға ауру малдан жұғады. Ауру жиі созылмалы түрге өтеді, ауыр жағдайларда мүгедектікке әкелуі мүмкін. Адам ауру малмен жанасқанда, ауру малдың етін, сүт өнімдерін жегенде бруцеллезді жұқтыруы мүмкін.

2021 жылы облы бойынша 10 адам бруцеллезбен ауырды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 жағдайға төмен (2020 ж. – 14 жағдай). Аурушаңдық  Ақтөбе қаласында 3 жағдай, Мұғалжар, Ойыл аудандарында 2 жағдайдан,  Алға, Қобда  және Темір аудандарында 1 жағдайдан тіркелді.

Барлық жағдайларда инфекция көзі анықталды, ол – ірі қара және ұсақ мал. 

               Байғанин, Ырғыз, Ойыл, Шалқар аудандарының аумағында аса қауіпті жұқпалы аурулардың табиғи ошақтары бар болғандықтан, оба ауруының санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ерекше бақылауында. Оба қоздырғыштарын анықтау мақсатында Ақтөбе обаға қарсы күрес стансасымен бірлесіп, жыл сайын оба табиғи ошақтары аумағында кеміргіштерге, бүргелерге зоопаразитологиялық зерттеулер жүргізіліп, дератизация, дезинсекция шаралары жүргізіледі. 2021 жылы Байғанин, Ырғыз, Шалқар аудандарының аумағында кеміргіштерден 103 серопозитивті нәтиже анықталды. Анықталған аумақта далалық дезинсекция жұмыстары жүргізілді.

               Жоспарлы түрде 8424 адам обаға қарсы профилактикалық екпе алды.

2021 жылы облыстың  емдеу және алдын алу мекемелеріне жануарлардың тістеуінен, тырнауынан, сілекейлеуінен  зардап шеккен  1665 адам  антирабиялық көмекке жүгінген, барлығына уақытылы  антирабиялық көмек көрсетілді. 

Көмекке жүгінген 1665  адамның 1154-і  иттерден, 486-сы  мысықтардан, 5-еуі ірі мүйізді малдан, 5-еуі жылқылардан, 5-еуі  түлкіден,  1-еуі қасқырдан  және 9-ы басқа жануарлардан зардап шекті.

Ветеринарлық басқармасының мәліметінше облыста есепті  кезеңде бұралқы 14798 ит,  568 мысық жойылды.

                Сібір жарасының алдын алу бойынша ұсыныстар:

               - сібір жарасының алдын алудың міндетті шарасы ветеринариялық-санитариялық қадағалаудың рұқсатынсыз мәжбүрлеп сойылған малдың етін жеуге жол бермеу екенін тұрғындар білуі керек. Сапа сертификаты жоқ ет және ет өнімдерін (әсіресе басқа аумақтардан әкелінген) жеуге қауіпті;

               - жануарларды күтетін адамдар жеке гигиена ережелерін сақтауы керек;

                - кәсібі бойынша сібір жарасын жұқтыру қаупі бар адамдар (ветеринария қызметкерлері, сояр алдында мал шаруашылығымен айналысатын, сондай-ақ сою, терісін сыпырған және өлекселерді сойған адамдар және т.б.) профилактикалық егулерден бас тартпауы керек.

           Бруцеллездің алдын алу бойынша ұсыныстар:

               - тамаққа тек қайнатылған сүтті пайдалану керек. Аурудың қоздырғышы (бруцелла) 100ºС температурада 5 минут ішінде өледі;

               - сүт пен сүт өнімдерін белгісіз тұлғалардан және белгісіз жерлерден сатып алуға болмайды;

               - жануарларды күту кезінде жеке гигиенаның негізгі ережелерін сақтау, жануарларды ұстауға арналған үй-жайларда жұмыс істегеннен кейін қолды жуу, жұмыс кезінде темекі шекпеу қажет.

                  Обаның алдын алу бойынша ұсыныстар:

               Адам ауру немесе өлген жануарлармен тікелей байланыста болғанда оба ауруын жұқтыруы мүмкін. Бұл әсіресе кәсіптік кеміргіштерді аулау кезінде және терісін сыпырған кезде қауіпті. Адамның ауруы, егер оны бұрын обамен ауыратын жануардың қанын сорған бүргелер шағып алса да пайда болады. Ветеринардың тексеруінен өтпеген түйе үлкен қауіпті болып табылады. Түйе обамен ауырған болса, союға ​​қатысқан және залалданған етін алғандардың барлығы әдетте ауруға шалдығады.

               Оба ауруына шалдыққан кеміргіштер кездесетін жерлерде әрбір адам өзіне қауіп төндіретінін біліп, сақтық шараларын сақтауы керек.

               Ең алдымен обаға қарсы екпе алу керек. Вакцинация осы аумақта орналасқан барлық медициналық мекемелерде жүргізіледі. Түйе бағумен айналысатын адамдар жеке гигиена ережелерін сақтауы керек.