Меню

Страницы

Статья

26.03.2020 жылғы №ПР-144 "«Онкаспар®, инъекцияға арналған ерітінді» дәрілік затының тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы"

«Онкаспар®, инъекцияға арналған ерітінді» дәрілік затының тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы

  

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 71-бабының 17-тармағына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 106 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, оған тыйым салу немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу қағидаларының 2-тармағының                        7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Өндірушісі Эксемид, Инк, АҚШ, тіркеу куәлігінің нөмірі ҚР-ДЗ 5№ 001434, «Онкаспар®, инъекцияға арналған ерітінді» дәрілік затының тіркеу куәлігінің қолданылуы тоқтатылсын және кері қайтарылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті бақылау және интеграциялау басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің ұстаушысына және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.
  3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

         Негіз: «Сервье Казахстан» ЖШС-нің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 199 хаты.

 

Төраға                                                        Л. Бюрабекова

Дата публикации
14 октября 2020
Дата обновления
14 октября 2020
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
30 сентября 2026
🩺 САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Ақпарат
04 августа 2026
Ақтөбе облысы бойынша 2026 жылғы шілде айында өнімдерді бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері
Ақпарат
17 июля 2026
Еңбек қауіпсіздігі — өндіріс тұрақтылығының кепілі: кәсіптік аурулардың алдын алудың өзекті мәселелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы