Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды әкелуге рұқсат ету құжатының қолданысын тоқтата тұру туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 84-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 106 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, оған тыйым салу немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу қағидаларының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қытай, Aimei CONVAC BioPharm (Jiangsu) Co, Ltd. өндірісінің «А гепатитіне қарсы бұлшықетке енгізуге арналған суспензиясы, 1 доза (320ХБ/0,5 мл)» дәрілік затын әкелуге 2019 жылғы 20 желтоқсандағы «АК НИЕТ» ЖШС-ге берілген № KZ75VBY00042918 рұқсат ету құжатының қолданысы тоқтата тұрылсын.
2. Комитеттің фармацевткиалық қызметті басқару және интеграция басқармасы (Е. Байтубаев) осы бұйрықтан туындайтын тиісті шараларды жүргізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының орынбасары Н. Ә. Асылбековке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негіздеме: 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 22-21/22-ВИ қызметтік жазба.
Төраға Л. Бюрабекова