Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі:
- Өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері туралы №3 05.03.2026 жылғы актісіне сәйкес техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер:
- Нават Gold Nava, өндірушісі ЖК«Cайера У.Т.», Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Қатын көпір, Яссауи көшесі, 38
- Қыз балаға арналған сөмке, өндірушісі көрсетілмеген,
- Қыз балаға арналған рюкзак, өндірушісі көрсетілмеген,
- Ер балаға арналған қысқы аяқ киім, өндірушісі көрсетілмеген,
- «Аю» жұмсақ ойыншығы, өндірушісі көрсетілмеген,
- «Тышқан» жұмсақ ойыншығы, өндірушісі көрсетілмеген,
- «Мысық» жұмсақ ойыншығы, өндірушісі көрсетілмеген,
- «Барсук» жұмсақ ойыншығы, өндірушісі көрсетілмеген,
- «Жылқы» жұмсақ ойыншығы, өндірушісі көрсетілмеген,
- «Маймыл» жұмсақ ойыншығы, өндірушісі көрсетілмеген,
- Қуыршақ «Addams Family» ойыншығы, өндірушісі көрсетілмеген,
- Қуыршақ «Be Thonkbul For Every New day» ойыншығы, өндірушісі көрсетілмеген,
- Қуыршақ «Happy My Childen's» ойыншығы, өндірушісі көрсетілмеген,
- Ойыншық «Гитара», өндірушісі көрсетілмеген,
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті Ырғыз аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім):_тартылмады
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі:_11.03.2026 ж - 31.03.2026 ж._______
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар жеке кәсіпкер «Аймүхамбетова М.М.» Аймүхамбетова Мирамгүл Мұқтарқызы, «Ақнұр» азық-түлік дүкені, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы, Т.Жүргенов көшесі, №123/1.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: балаларға арналған тауарлардың қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттары жоқ, яғни Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 797 шешімімен бекітілген 007/2011 «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің 12 бабының 1 тармағының бұзушылығы болып табылады.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жеке кәсіпкер «Аймүхамбетова М.М.» Аймүхамбетова Мирамгүл Мұқтарқызы.
- Қабылданған шаралар: Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы Ырғыз ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №4 31.03.2026 жылғы қаулысы берілді.