Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  Халықтыңсанитариялық-эпидемиологиялықсаламаттығысаласындағытергеп-тексеружүргізуқағидаларына7-қосымша

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 04.02.2026 жылғы №2 «Бастың шашты бөлігінің трихофитиясы» шұғыл хабархат, ҚР ДСМ 2024 жылғы 29 тамыздағы №69 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.
2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Шалқар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.
3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылмады
4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 05.02.2026 -05.03.2026 ж.
5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Шалқар ауданының білім бөлімі" ММ "Ертөстік бөбекжай – бақшасы" МКҚК, БСН: 061140006888
6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: бұзушылықтар анықталмады.
7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:бұзушылық анықталмады.
8.Қабылданған шаралар: шара қабылданбады.

Дата публикации
13 марта 2026