|
Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы тергеп-тексеру жүргізу қағидаларына 7-қосымша
|
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі 2026 жылғы 23 қаңтардағы №11, №12 және 27 қаңтардағы №14 шұғыл хабархаттар
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе қалалық санитариялық-эпдемиологиялық бақылау басқармасы.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) тартылмады.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі 27.01.2026-11.02.2026 ж.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар
«Сымбат мектеп-интернаты» ЖШС (Сымбат-2050): БСН 150540009902, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Батыс-2 шағын ауданы, 46в
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты Тексеру барысында анықталды: лас төсек-орын тікелей еденге қойылған, таза және лас төсек-орын жабдықтарының бөлек (қарсы) ағымдары қағидаты сақталмайды, бұл 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 санитариялық қағидаларының 6-тарауының 99-тармағы талаптарының бұзылуы болып табылады.
Лас төсек-орын жабдықтары кір жуатын бөлмеге арнайы қапшықтарда жеткізілмейді, төсек-орын жабдықтары камералы дезинфекция жүргізілмеген, бұл 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 санитариялық қағидаларының 6-тарауының 97-тармағы талаптарының бұзылуы болып табылады.
Бір төсек орнына үш жиынтық төсек-орын жабдығы қарастырылмаған, төсек-орын жабдықтары таңбаланбаған, бұл 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 санитариялық қағидаларының 6-тарауының 98-тармағы талаптарының бұзылуы болып табылады.
Инфекциялық аурумен ауырған адамның киім-кешегі жуу алдында таңбаланған ванналарда дезинфекциялауға жатады. Дезинфекция жүргізуге арналған арнайы ванна жоқ. бұл 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 санитариялық қағидаларының 6-тарауының 99-тармағы талаптарының бұзылуы болып табылады.
Сонымен қатар, таза төсек-орындар тазалау жұмыстарына арналған мүкәммалмен (шелектер, швабралар, күректер, шүберектер, пайдаланылған қолғаптар мен қаптар) бірге сақталады. Жастықтар белгіленген сақтау талаптары сақталмай, ретсіз орналастырылған, бұл 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 санитариялық қағидаларының 4-тарауының 67-тармағы талаптарын бұзу болып табылады.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Сымбат мектеп-интернаты» ЖШС (Сымбат-2050): БСН 150540009902, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Батыс-2 шағын ауданы, 46в
- Қабылданған шаралар әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, 43250 теңгеге айыппұл салынды.