Халықтың санитариялық-эпидемиологиялықсаламаттығы саласындағы тергеп-тексеру жүргізу қағидаларына7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі 28.01.2026 жылғы №576 шұғыл хабархат.
2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе қалалық санитариялық-эпдемиологиялық бақылау басқармасы.
3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) тартылмады.
4.Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі 29.01.2026-05.02.2026 ж.
5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар ) ЖШС "BEK-KHAN.kz""Bala Panda" бөбекжай бала бақшасы БИН 221140048685
Мекен-жайы:Ақтөбе қаласы, Мұстафа Шоқай көшесі, 28 үй 13.
6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты - Шайындыларды микробиологиялық зерттеу хаттамасына сәйкес 03.02.2026 ж. №2260002186611930- №270-2 асқа арналған қазан, №272-көкөністерге арналған тақтайшадан, №273 нанға арналған тақтайшадан, №274 қамырға арналған тостағаннан ішек таяқшалары тобының бактериялары анықталды. Бұл "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы ҚР ДСМ-16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 4 сәуірдегі №58 бұйрығының 4 тарауының, 55, 58 тармағының бұзушылығы болып табылады. Шайындыларды микробиологиялық зерттеу хаттамасына сәйкес 03.02.2026 ж. №2260002186611930- №280 сиыр ойыншығынан алтын түстес стафилококк анықталды, Бұл, "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі ҚР ДСМ-59 бұйрығы 5 тарау 85 тармағының бұзушылығы болып табылады
7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар ЖШС "BEK-KHAN.kz""Bala Panda" бөбекжай бала бақшасы БСН 221140048685 Мекен-жайы:Ақтөбе қаласы, Мұстафа Шоқай көшесі, 28 үй 13.
8.Қабылданған шаралар- 2 жеке тұлғаға айыппұл салынды.