|
Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы тергеп-тексеру жүргізу қағидаларына 7-қосымша
|
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі 15.12.2025 жылғы №4725 шұғыл хабархат.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе қалалық санитариялық-эпдемиологиялық бақылау басқармасы.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) тартылмады.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі 19.12.2025-31.12.2025 ж.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Амина и КО» ЖШС-нің «Ару » балабақшасы.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты тамақ өнімдерін микробиолгиялық зерттеу хаттамасы №2250002186424898, 22.12.2025 ж, нәтижесінде №262 –тауық еті қосылған суға піскен қарақұмық ішек таяқшалары тобының бактериясы анықталды. Бұл, Кеден одағы комисииясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы шешімімен бекітілген ТРТС талаптарына сәйкес келмейді, №880 ТР КО 021/2011 тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы 1,8 тармағы, 1 кесте, 2 қосымшаның бұзушылығы болып табылады. 22.12.2025 ж. № 2250002186425100 шайындылардың микробиологиялық зерттеу хаттамасына сәйкес, нанға арналған пышақтан №3474, нанға арналған тақтайшадан №3475, терка №3479 - ішек таяқшалары тобының бактериясы анықталды. Бұл «Қоғамдық денсаулық сақтау объектілерінің санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығының санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығының санитарлық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 17 ақпандағы ДСМ-16 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 58 бұйрығының 4-тарауының 55-тармағын бұзу, жуғыш заттарды, дезинфекциялау құралдарын немесе жуғыш-дезинфекциялау құралдарын пайдалану нұсқаулығына сәйкес дұрыс жуылмағаны болып табылады.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Амина и КО» ЖШС-нің «Ару » балабақшасы.
8.Қабылданған шаралар- әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, 78648 теңгеге айыппұл салынды.