Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

 1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі 2025 жыл, 12 желтоқсан , № 4708, 2025 жыл 15 желтоқсан, №4724  шұғыл хабархаттар «Жедел ішек инфекцияы, ауыр жағдай»

 2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе қалалық санитариялық-эпдемиологиялық бақылау басқармасы.

  1. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) тартылмады.
  2. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі 15.12.2025-29.12.2025 ж.
  3. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Eco Control» «Eco Control» ЖШС, «Три кота» балабақшасы, Ақтөбе қаласы, М.Оспанов көшесі, 13 үй мекен-жайында орналасқан,
  4. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты - Шайындыларды микробиолгиялық зерттеу хаттамасы №2250002186423801 - 22.12.2025 ж, нәтижесінде 2 тамаққа арналған кострюльден, салатқа арналған тақтайшадан ішек таяқшаларының тобының бактериясы анықталды. Яғни, күн сайын жуу құралдарын қолдана отырып дұрыс жуылмайды. Бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы  ҚР ДСМ-16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 58 бұйрығының 4 тарауының, 55, 58 тармағының бұзушылығы болып табылады.   Дайын тағамдарды, рациондарды құнарлығына зерттек хаттамасы №SO- 25-6054, №1-5 23.12.2025 ж, үй кеспесінің май ауытқуы-6,2, күріш май ауытқуы-7,4, кисель калорияның ауытқуы-63,85 анықталды. Бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы  ҚР ДСМ-16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 58 бұйрығының 7 тарауының, 282 тармағының бұзушылығы болып табылады.                                                                       
  5. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Eco Control» «Eco Control» ЖШС, «Три кота» балабақшасы, Ақтөбе қаласы, М.Оспанов көшесі, 13 үй мекен-жайы

8.Қабылданған шаралар- әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, 1 адамға 39 320 теңге айыппұл салынды.

 

 

Дата публикации
02 февраля 2026