|
Халықтың санитариялық- |
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі 2025 жыл, 22 желтоқсан №29,№31 «Жедел ішек инфекцияы», 22 желтоқсан № 103, «Дизентерия» шұғыл хабархаттар
Азық-түлікті сақтау кезінде тауар көршілестігі сақталмаған,яғни ірімшік пен жұмыртқа бір тоңазытқышта сақталған, бұл ҚР ДСМ 17.02.2022ж №ҚP ДСМ -16 "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидасының 105 тармағының, 5 тарауының бұзушылығы.
Асханада бактерицидті сәулелегіштер орнатылмаған, бұл ҚР ДСМ 17.02.2022ж №ҚP ДСМ -16 "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидасының 51 тармағының, 4 тарауының бұзушылығы.
Көкөніс өнімдерін сақтауға арналған қойма үй-жайында температураны, ауаның салыстырмалы ылғалдылығын өлшеуге арналған (тамақ өнімдерін сақтау шарттарына сәйкес), көрінетін жерде белгіленген, есіктер мен буландырғыштардан алыс бақылау-өлшеу құралымен жарақталмаған, бұл ҚР ДСМ 17.02.2022ж №ҚP ДСМ -16 "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидасының 107 тармағының, 5 тарауының бұзушылығы.
Тексеру кезінде жуу ванналарының үстінде сору қондырғы жүйесімен жабдықталмаған, бұл 2022ж.17.02. № ҚР ДСМ- 16 санитариялық қағидасының 3-тармақшасы, 43 тармағы, 3 тарауының бұзушылығы болып табылады.
Тасымалдаушылыққа микробиологиялық зерттеу хаттамасына сәйкес нәтижесінде Оразава М-тағам тасушыдан, Салмагамбетова Р-аспазшыдан, Койшыгарина Л-ыдыс жуушыдан S.aureus анықталды. №2250002186465712 29.12.2025 ж. Бұл«Жіті ішек инфекцияларының алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ-нің 2022 жылғы 5 қазандағы № ҚР ДСМ-111 бұйрығының 2 тарау, 11 тармағының бұзушылығы.
7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «АҚБӨБЕК» оңалту орталығы ЖШС «Ақбөбек» балалар білім беру орталығы.
8.Қабылданған шаралар- ЖШС «Ақбөбек» объектісіне 454125 тг айыппұл салынды.