Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

 

Халықтың санитариялық-

эпидемиологиялық

саламаттығы саласындағы

тергеп-тексеру жүргізу

қағидаларына

7-қосымша

 

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі:
  2. 2025 жылғы 03 желтоқсандағы №2 Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері туралы актісіне сәйкес техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнім:

1) «Pakistan tea» түйіршіктелген қара шәйі, Өндіруші; ТОО «Real Trade Astana» РК, г.Астана, проспект Акжол 27.

  1. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қарғалы аудандық санитариялық-эпдемиологиялық бақылау басқармасы.
  2. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылмады.
  3. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 19.12.2025 ж.- 30.12.2025 ж.
  4. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ЖК Ермухамбетова К.Б «Жасмин» дүкені, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Сәтпаев көшесі 5а мекен-жайында орналасқан.
  5. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Сәйкес келмейтін «Pakistan tea» түйіршіктелген қара шайының дәлелдеуші құжаттары (товар өндірушімен арадағы келісім шарт, накладная) ұсынылмады «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын  санитариялық-эпидемиялогиялық  талаптар» санитариялық  қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ 04.08.2021ж. ҚР ДСМ-73 бұйрығының 92 тармағы 3 тармақшасының бұзылуы.
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жеке кәсіпкер Ермухамбетова К.Б
  7. Қабылданған шаралар: ҚР ӘҚБт 203 бабы 1 бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, салдарын жою және олардың қайталануына жол бермеу шараларымен бірге орындау мерзімдері көрсетіле отырып тергеп тексеру нәтижелері туралы акті табысталды.
Дата публикации
31 декабря 2025