|
|
Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
|
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі:
- 2025 жылғы 11 желтоқсандағы №4 Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері туралы актісіне сәйкес техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнім:
1)"Al-Hayat" қара түйіршіктелген шәйі, Өндіруші; Empire keniya E.P.Z. LIMITED Кения. Алматы қаласы, Қарасай ауданы, Көкөзек ауылы, жер тілімі 751/2.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Байғанин аудандық санитариялық-эпдемиологиялық бақылау басқармасы.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылмады.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 12.12.2025 ж.- 26.12.2025 ж.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылы Барақ Батыр көшесі №38 Е. мекенжайында орналасқан жеке кәсіпкер Е.Ж Абілхан қарасты «Нұрай» супермаркет дүкені.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Сәйкес келмейтін “Al-Hayat” қара түйіршіктелген шәйінің қадағалануын қамтамасыз ететін мәліметтерді қамтитын тауардың ілеспе құжаттары ұсынылмады, бұл "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № ҚР ДСМ -73 бұйрығының 92 тармағы 3 тармашасын бұзушылық.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жеке кәсіпкер Е.Ж Абілхан
- Қабылданған шаралар: ҚР ӘҚБт 203 бабы 1 бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, салдарын жою және олардың қайталануына жол бермеу шараларымен бірге орындау мерзімдері көрсетіле отырып тергеп тексеру нәтижелері туралы акті табысталды.