Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері туралы №46 10.12.2025 ж. актісіне сәйкес техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер:
1) конфет, өндірушісі- белгісіз.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе қалалық санитариялық-эпдемиологиялық бақылау басқармасы.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылмады.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 11.12.2025 ж.-12.12.2025 ж.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «FOODMARKET», Ақтөбе қаласы, 12 мөлтек аудан, 21Л., Жеке кәсіпкер Б.С. Усенгалиев, ЖСН 780831302888.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: сәйкес келмейтін кәмпиттерге қадағалануды қамтамасыз ететін ақпаратты қамтитын ілеспе құжаттар (өндіруші көрсетілмеген), оның қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттар ұсынылмаған, бұл 04.08.2021 жылғы ҚР ДСМ-73 «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 1-тармағының 92-тармағының 3-тармақшасын бұзу болып табылады.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Жеке кәсіпкер Б.С. Усенгалиев, ЖСН 780831302888
- Қабылданған шаралар: ҚР ӘҚБтК-нің 203/1 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Салдарын жою және олардың қайталануын болдырмау шараларымен бірге орындау мерзімдері көрсетілген тергеу нәтижелері туралы хаттама берілді.