Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі:
1. Өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері туралы №38 01.12.2025 ж. актісіне сәйкес техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер:
1) «Аль-Джаннат» шәйі. Жоғарғы сұрып. Ораған және қаптаған: ЖК «Ferdaus», ҚР, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Дуйсенова көшесі, 25/159;
2) «Аль-Кайрат шәйі» қара шайы. Жоғарғы сұрып. Өндіруші және ораушы: «Orda Trade Astana» ЖШС, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелен қаласы, Достық көшесі, 4 Г.
2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе қалалық санитариялық-эпдемиологиялық бақылау басқармасы.
3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылмады.
4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 03.12.2025 ж. -08.12.2025 ж.
5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 109 мекенжайында орналасқан «Анвар» ЖШС қарасты «Анвар» супермаркеті.
6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: бұзушылық анықталған жоқ.
7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: бұзушылық анықталған жоқ.
8. Қабылданған шаралар: шаралар қабылданған жоқ.