Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі:
1. Өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері туралы №37 28.11.2025 ж. актісіне сәйкес техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер:
1) «Геба» тартылған сиыр еті, «Геба» ЖШС;
2) «Чудо» продукт йогуртный пастеризованный «Йогуртер» фруктовый со вкусом персик-манго. Массовая доля жира 2,5 %. Өндірушісі- «БВД» АҚ, Ресей, Москва қаласы, Дмитровское ш., д.108;
3) «Орда Кения» қара шайы. Жоғарғы сұрып. Өндіруші және ораушы: «Orda Trade Astana» ЖШС, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелен қаласы, Достық көшесі, 4Г.
2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе қалалық санитариялық-эпдемиологиялық бақылау басқармасы.
3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылмады.
4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 02.12.2025 ж.- 08.12.2025 ж.
5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Ақтөбе қаласы, Аз Наурыз көшесі, 4 мекенжайында орналасқан «Dina Market» ЖШС қарасты «Дина» супермаркеті
6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: бұзушылық анықталған жоқ.
7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: бұзушылық анықталған жоқ.
8. Қабылданған шаралар: шаралар қабылданған жоқ.

 

Дата публикации
09 декабря 2025