Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі 10.11.2025 жылғы №4306 шұғыл хабархат.
2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе қалалық санитариялық-эпдемиологиялық бақылау басқармасы.
3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) тартылмады.
4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі 12.11.2025-25.11.2025 ж.
5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Жетістік мектебі КЕРІМ-АЙ» ЖШС «Керім-ай» бала-бақшасы БСН 151140005333 Мекен жайы:Ақтөбе қаласы, Қарғалы, Центральная көшесі, 10
6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты - Шайындыларды микробиолгиялық зерттеу хаттамасы №2250002186153875- 18.11.2025 ж, нәтижесінде №3041 – 2-ші тамаққа арналған ожаудан, №3042 -ішек таяқшылары тобының бактериясы анықталды. Яғни, жабдықты тазалау, жуу дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып дұрыс жүргізілмейді. Сонымен қатар Тамақ өнімдерін микробиологиялық зерттеу хаттамасы №2250002186153692 18.11.2025 ж, нәтижесінде №232 – компот сусынынан ішек таяқшылары тобының бактериясы, №233- сәбіз салатынан E. coli бактериялары анықталды. Бұл, Кеден одағы комисииясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы шешімімен бекітілген ТРТС талаптарына сәйкес келмейді, №880 ТР КО 021/2011 тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы 1,8 тармағы, 1 кесте, 2 қосымшаның бұзушылығы болып табылады
7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар "Жетістік мектебі КЕРІМ-АЙ " ЖШС,"Керім-ай" балабақшасы БСН 151140005333, Мекен жайы: Ақтөбе, Каргалы , Центральная көшесі, 10.
8.Қабылданған шаралар - әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, 2 адамға 39 320 теңгеден айыппұл салынды.