Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі 19.08.2025 жылғы №3063,№3064,№3065,№3066,№3067 шұғыл хабархатттар
2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе қалалық санитариялық-эпдемиологиялық бақылау басқармасы.
3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) тартылмады.
4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі 19.08.2025-29.08.2025 ж.
5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар
Жеке кәсіпкер Ш.А.Мустафиева, «Свежак» кафесі.Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, 12 мөлтек ауданы, Әл-Фараби көшесі 28
6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты – «Свежак» кафесі ҚР ДСМ 2020 жылы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығына сәйкес эпидемиялық мәні болмашы обьектілерге жатады. Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментіне және Ақтөбе қалалық санитариялық-эпидемиологиялық басқармаға өз қызметін басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарлама ұсынылмаған, бұл «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы » Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексіның 2 тармақшасының 1 тармагының 24 бабының, ҚР ДСМ 17.02.2022ж № ҚP ДСМ- 16 «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидасының 4 тарау 45 тармақтарының және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырындағы № 202-V ЗРК «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңының 1 тармағының 17 бабының бұзушылықтары болып табылады.
Тексеру кезінде 3 қызметкердің жеке медициналық кітапшаларын ұсынды, ал қалған 6 қызметкер медициналық тексеруден гигиеналық оқытудан және жұмысқа жіберуден өткен қызметкерлердің жеке медициналық кітапшаларын ұсынбады. Жеке медициналық кітапшалар жұмыс орнында сақталмаған, бұл ҚР ДСМ 17.02.2022ж № ҚР ДСМ -16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидасының 293 тармағының 8 - тарауының бұзушылығы болып табылады. (бұдан әрі - 17.02.2022 жылғы № ҚР ДСМ- 16 санитариялық қағидасы).
Қалдықтардың контейнерлік алаңнан тыс жерлерге таралуының алдын алуды қамтамасыз ететін қоршауы жоқ, бұл ҚР ДСМ 17.02.2022ж №ҚP ДСМ -16 "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидасының 277 тармағының , 6 тарауының бұзушылығы.
Өндірістік бақылаудың әзірленген бекітілген бағдарламасын ұсынбаған, бұл ҚР ДСМ 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидасының 3-тармағының, 1-тарауының талаптарын бұзушылығы.
Дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуге арналған келісім шарт жоқ, бұл ҚР ДСМ 17.02.2022ж №ҚP ДСМ -16 "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидасының 62, 67 тармағының, 4 тарауының бұзушылығы.
Көзбен шолып тексеру кезінде шыбынның ұшқандығы анықталды,бұл ҚР ДСМ 17.02.2022ж №ҚP ДСМ -16 санитариялық қағидасының 67- тармағы, 4 тарауының бұзушылығы.
Тексеру кезінде жуу ванналарының үстінде сору қондырғы жүйесімен жабдықталмаған, бұл ҚР ДСМ 17.02.2022ж №ҚP ДСМ -16 санитариялық қағидасының 3-тармақшасы, 43 тармағы, 3 тарауының бұзушылығы.
Азық-түліктер мен шикі тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін растайтын ілеспе құжат ұсынылмады, (дәмдеуіштер) бұл ҚР ДСМ 17.02.2022 ж № ҚР ДСМ - 16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарының 96-тармағы, 5-тарауын бұзушылығы.
Тексеру кезінде көкініс (пияз) тікелей еденде сақталады, бұл ҚР ДСМ 17.02.2022ж №ҚP ДСМ -16 санитариялық қағидасының 13-тармақшасы, 97 тармағы, 5 тарауының бұзушылығы.
Салқын тағамдарды, дайындауға бактерицидті сәулелегіштер орнатылмаған, бұл ҚР ДСМ 17.02.2022ж №ҚP ДСМ -16 "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидасының 51 тармағының, 4 тарауының бұзушылығы.
25.08.2025ж. №2250002185475749 шайындыларды микробиологиялық зерттеу хаттамасына сәйкес алынған 20 шайынды сынамасынан, 6 сынамадан № 2193 шикі етке арналған тақтайшадан,№ 2196 кәуапқа арналған шампурадан ішек таяқшылары тобының бактериясы (ІТТБ) оң нәтижелері анықталды. №2204 шайға арналған қасықтан, № 2205 аспазшы Д.Алибаевтың қолынан, №2206 аспазшы Д.Алибаевтың фартугінен, № 2205 аспазшы Ш.Абдумановтың қолынан) алтын тустес стафилокок анықталды, бұл қол жуу гигиенасы сақталмаған (жуу және дезинфекциялау (өңдеу,) жуу, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, жабдықты жуу, дезинфекциялау сапалы жүргізілмегенін куәландырады, бұл ҚР ДСМ 17.02.2022ж № ҚP ДСМ- 16 «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 4 тарау 55,58 тармақтарының, 7 тарау 296 тармақтарының бұзушылығы.
Тамақ өнімдерін микробиологиялық зерттеу хаттамасына сәйкес 2025ж.25 тамызында № 157 дайын тауық етінен жасалған кәуап сынамасынан 1,0 г iшек таяқшасы тобындағы бактериялары (ITTБ) анықталды (нормативтік көрсеткіш бойынша 1,0 гр рұксат етілмейді), 1,0 г патогенді стафилококк (S.aureus) анықталды (нормативтік көрсеткіш бойынша 1,0 гр рұксат етілмейді), яғни тағам дайындау технологиясы бұзылған, бұл Кеден одағының техникалық регламенті 09 желтоқсан 2011жылғы №880 ТР КО 021/2011 «Тағамдардың қауіпсіздігі туралы» п п 1.8. таблица 1, қосымша 2 талаптарына сай келмейді.
2025 жылдың 25 тамызындағы № 2250002185499470 тасымалдаушылыққа микробиологиялық зерттеу хаттамасына сәйкес аспазшы- Д.Э.Алибаевтан S.aureus, ыдыс жуушы Ж.У. Іргебаева, S.enteritidis, ыдыс жуушы М.Бакдаулетқызы S.aureus, анықталды.
7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар Жеке кәсіпкер Ш.А.Мустафиева, «Свежак» кафесі.Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, 12 мөлтек ауданы,Әл-Фараби көшесі 28.
8.Қабылданған шаралар - 2025 жылдың 29 тамызында өз қызметін басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарлама ұсынылмауына байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 463 бабының 1 бөлігіне сәйкес хаттама толтырылып, Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.
ҚР Қылмыстық Кодексінің 304 бабына сәйкес, бұл әрекетте (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілерінің болу немесе болмауына байланысты заңға сәйкес анықтап беру үшін ҚР ІІМ Ақтөбе облысы полиция департаменті Ақтөбе қалалық полиция басқармасының Астана аудандық №2 қалалық полиция бөліміне хат жолданды.