Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі 08.05.2025 жылғы №5 шұғыл хабархат. 13.05.2025 жылғы №222 халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тергеп-тексеру тағайындау туралы акті.
2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе қалалық санитариялық-эпдемиологиялық бақылау басқармасы.
3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) тартылмады.
4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі 13.05.2025-30.05.2025 ж.
5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ «Ақтөбе медициналық орталығы» (Aktobe medical center) МКК бас дәрігері К.К.Жетибаев.
6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты 1. "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ -96/2020 бұйрығының 5 – тарауы, 52 – тармағының, 49 – тармағының бұзушылықтары анықталды. "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шiлдедегi № ҚР ДСМ-68 бұйрығының 1 – тарауы, 8 – тармағының бұзушылығы анықталды.
7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар
«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ «Ақтөбе медициналық орталығы» (Aktobe medical center) МКК травматология бөлімшесінің аға мейірбекесі А.А.Жумашева.
8. Қабылданған шаралар 11.06.2025 жылғы №251510450000099 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама.

Дата публикации
02 июля 2025