Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі 28.04.2025 жылғы №1717 шұғыл хабархат.
2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе қалалық санитариялық-эпдемиологиялық бақылау басқармасы.
3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) тартылмады.
4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі 29.04.2025-14.05.2025 ж.
5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар - "Нурсултан-7» ЖШС-нің «Nursultan» бөбекжай-балабақшасы».
6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты – Тексеру кезінде шикі көкөністерді кесуге арналған тақтай басқа мақсатта пайдаланылған - пісірілген ет кесілген, кесетін пышақтардың мақсаты бойынша таңбаланбаған, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 17.02.2022 № ҚР DСM-16 «Қоғамдық тамақтандыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 53-тармағы, 4 тарауының талаптарын бұзу болып табылады.. Азық-түлік өнімдерін сақтау кезінде тауардың жақындығы байқалмайды; шикі жұмыртқалар сары маймен сақталады, бұл ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 17.02.2022 жылғы ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 104-тармағының 5-тарауының талаптарын бұзу болып табылады.
Тексеру кезінде дайындалған тамақ өнімдерінің (шайдың) әрбір партиясынан тәуліктік сынама алынбады, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 02/2012 ҚСМ 02/12 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 282 тармағының 7 тарауының талабын бұзу болып табылады.
7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар - "Нурсултан-7» ЖШС-нің «Nursultan» бөбекжай-балабақшасы».
8.Қабылданған шаралар- әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, 39320 теңгеге айыппұл салынды.