Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі 22.04.2025 жылғы №30 шұғыл хабархат.
2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе қалалық санитариялық-эпдемиологиялық бақылау басқармасы.
3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) тартылмады.
4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі 24.04.2025-08.05.2025 ж.
5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар "Bilim Aktobe"ЖШС-нің мектебі БИН 180340008922, Ақтөбе қаласы,Кірпішті тұрғын аумағы,7Г үй.
6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты – Шайындыларды микробиологиялық зерттеу хаттамасы №2250002184634902-№1189-кружкадан алтын түстес стафилококк,№1201-көкөністерге арналған тақтайшадан Sh.Flexneri 2a патогенді,1204-піскен етке арналған тақтайшадан,№1206 піскен көкөністерге арналған тақтайшадан-ішек таяқшалары тобының бактериясы анықталды.Яғни, жабдықты тазалау,жуу дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып дұрыс жүргізілмейді.Бұл "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы ҚР ДСМ-16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 58 бұйрығының 4 тарауының, 55, 58 тармағының бұзушылығы болып табылады.
Тамақ өнімдерін микробиологиялық зерттеу хаттамасы бойынша 2 тамақ алынған (№2250002184634968-28.04.2025ж борщь,қара құмық тауық етімен) сынамасының нәтижесі- қарақұмық қосылған тауық етінен №124-ішек таяқшасы тобындағы бактерия анықталды.Бұл,Кеден одағы комисииясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы шешімімен бекітілген ТРТС талаптарына сәйкес келмейді, №880 ТР КО 021/2011 тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы 1,8 тармағы,1 кесте, 2 қосымшаның бұзушылығы болып табылады.
7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар "Bilim Aktobe"ЖШС-нің мектебі БИН 180340008922, Ақтөбе қаласы,Кірпішті тұрғын аумағы,7Г үй.
8.Қабылданған шаралар- әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, 39320 теңгеге айыппұл салынды.

Дата публикации
26 июня 2025