Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі 28.04.2025 жылғы №1719 шұғыл хабархат.
2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе қалалық санитариялық-эпдемиологиялық бақылау басқармасы.
3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) тартылмады.
4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі 29.04.2025-13.05.2025 ж.
5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар "Ару-ай ЛТД" ЖШС "Ару-Ай" балабақшасы БИН 230640009735, Ақтөбе қаласы,Темірқазық көшесі 63А үй мекен-жайында орналасқан
6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты - Шайындыларды микробиологиялық зерттеу хаттамасы 2250002184665162-1256-ұрғыштан,1262-таратуға арналған үстел,1265-таратуға арналған 2-ші үстелден,ішек таяқшалар тобының бактериясы,1266 жүзім ойыншығынан алтын түстес стафилококк анықталды.Яғни,жабдықты тазалау,жуу дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып дұрыс жүргізілмейді.Бұл "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы ҚР ДСМ-16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 4 сәуірдегі 58 бұйрығының 4 тарауының, 55, 58 тармағының бұзушылығы болып табылады.
7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар "Ару-ай ЛТД" ЖШС "Ару-Ай" балабақшасы БИН 230640009735, Ақтөбе қаласы,Темірқазық көшесі 63А үй мекен-жайында орналасқан
8.Қабылданған шаралар- әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, 78640 теңгеге айыппұл салынды.

 

Дата публикации
26 июня 2025