Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі 31.03.2025 жылғы №1428 шұғыл хабархат.
2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе қалалық санитариялық-эпдемиологиялық бақылау басқармасы.
3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) тартылмады.
4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі 01.04.2025-15.04.2025 ж.
5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар - «Детский сад Балаби» ЖШС, «Балаби» балабақшасы.
6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты - Шайындыларды микробиологиялық зерттеу хаттамасы №2250002184468687-07.04.2025 ж., нәтижесінде №959, №961 – «Посуда» және «Ванна» ойыншықтарынан ішек таяқшалары тобының бактериялары анықталды. Яғни, пайдаланған ойыншықтарды күн сайын жуу құралдарын қолдана отырып дұрыс жуылмайды. Бұл "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығының 5 тарауының, 85 тармағының бұзушылығы болып табылады.
7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар Детский сад Балаби» ЖШС, «Балаби» балабақшасы.
8.Қабылданған шаралар- әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, 39320 теңгеге айыппұл салынды.