Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аумақтық басқармаларының 2025 жылдың I тоқсанында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметті көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес департамент 5 мемлекеттік қызмет және оның аумақтық бөлімшелері 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Олар:
1) «Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары;
2) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
3) «Патогендіктің I-IV топтарындағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары.
4) Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру.
5) Денсаулық сақтау саласында дезинфекция, дезинсекция, дератизация бойынша қызметтер көрсету лицензия беру.
«Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру» бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары эпидемиялық мәні жоғары объектінің және қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібін айқындайды.
2025 жылдың 1 тоқсанында Департамент мамандарымен 336 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру» - 10 (ЭҮП- 10);
- «Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» - 145 (ЭҮП - 145);
- «Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» - 57 (ЭҮП - 57);
- «Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру» - 2 (ЭҮП - 2);
- «І-ІV патогенді топтардың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру» - 3 (ЭҮП - 3);
- «Денсаулық сақтау саласында дезинфекция, дезинсекция, дератизация бойынша қызметтер көрсету лицензия беру» – 12 (ЭҮП - 12);
2025 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны - 107, оның ішінде:
- «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру» - 0 (ЭҮП- 0);
- «Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» - 83 (ЭҮП - 83);
- «Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» - 13 (ЭҮП – 13);
- «Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру» - 0 (ЭҮП - 0);
- «І-ІV патогенді топтардың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру» - 10 (ЭҮП - 10);
- «Денсаулық сақтау саласында дезинфекция, дезинсекция, дератизация бойынша қызметтер көрсету лицензия беру» – 1 (ЭҮП - 1);
Мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартудың негіздері:
- көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі;
- мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 94-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі
Көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде шағымдар түскен жоқ.
Департамент және оның аумақтық басқармалары кеңселерінде тұрақты түрде мемлекеттік қызмет алушыларға қолданыстағы бұйрық талаптары түсіндіріліп, кеңес беріледі.
Департаментпен мемлекеттік қызмет көрсету барысында Заңмен бекітілген мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері үнемі қатаң бақылауда.
Есепті кезеңде департаментте мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ.