|
Халықтың санитариялық- |
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі 11.03.2025 жылғы №1177 шұғыл хабархат.
2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе қалалық санитариялық-эпдемиологиялық бақылау басқармасы.
3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) тартылмады.
4.Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі 12.03.2025-26.03.2025 ж.
5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ «Облыстық арнаулы мектеп-бақшасы» КММ Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп-балабақшасы,
6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты - шайындыларды микробиологиялық зерттеу хаттамасы №2250002184336507, 17.03.2025 ж, нәтижесінде №747 – ірімшікке арналған үстелден, №751- піскен көкөніске арналған тақтайшадан, №754-піскен көкөніске арналған ыдыстан - ішек таяқшалары тобының бактериясы анықталды. Яғни, жабдықты тазалау, жуу дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып дұрыс жүргізілмейді. Бұл "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 58 бұйрығының 4 тарауының, 55, 58 тармағының бұзушылығы болып табылады. Тамақ өнімдерін микробиолгиялық зерттеу хаттамасы №2250002184336687, 17.03.2025 ж, нәтижесінде №90 –қызанақпен қияр қосылған салаттан ішек таяқшалары тобының бактериясы анықталды. Бұл, Кеден одағы комисииясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы шешімімен бекітілген ТРТС талаптарына сәйкес келмейді, №880 ТР КО 021/2011 тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы 1,8 тармағы, 1 кесте, 2 қосымшаның бұзушылығы болып табылады.
7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ «Облыстық арнаулы мектеп-бақшасы» КММ Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп-балабақшасы.
8.Қабылданған шаралар- әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, 78640 теңгеге айыппұл салынды.