|
Халықтың санитариялық- |
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі 17.03.2025 жылғы №1253,№1254 шұғыл хабархаттар.
2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе қалалық санитариялық-эпдемиологиялық бақылау басқармасы.
3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) тартылмады.
4.Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі 18.03.2025-27.03.2025 ж.
5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Sultan Corporation» ЖШС-нің «Альтаир»бала-бақшасы
6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты - Шайындыларды микробиолгиялық зерттеу хаттамасы №2250002184377279- 26.03.2025 ж, нәтижесінде №806 –Монтасари ойыншығынан алтын түстес стафилококк анықталды. Сонымен қатар № 811-№ 812- ойыншық салатын ыдыстан,ойыншыққа арналған контейнерден ішек таяқшалар тобының бактериялары анықталды. Яғни, пайдаланған ойыншықтарды күн сайын жуу құралдарын қолдана отырып дұрыс жуылмайды. Бұл "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығының 5 тарауының, 85 тармағының бұзушылығы болып табылады.
7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Sultan Corporation» ЖШС-нің «Альтаир»бала-бақшасы.
8.Қабылданған шаралар- әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, 39 320 теңгеге айыппұл салынды.