Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі 10.02.2025 жылғы №704 шұғыл хабархат.
2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе қалалық санитариялық-эпдемиологиялық бақылау басқармасы.
3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) тартылмады.
4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі 11.02.2025-25.02.2025 ж.
5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар жалға алушы ЖК А.Б.Шойбеков «Дина» гипермаркетінде орналасқан кондитерлік цех.
6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты - Шайындыларды микробиолгиялық зерттеу хаттамасы №2250002184136951, 14.02.2025 ж, нәтижесінде №404 – шәрбатқа арналған ыдыстан, қатайтудан, қырғыштан ішек таяқшалары тобының бактериясы анықталды. Яғни, жабдықты тазалау, жуу дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып дұрыс жүргізілмейді. Бұл "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 58 бұйрығының 4 тарауының, 55, 58 тармағының бұзушылығы болып табылады. Тамақ өнімдерін микробиологиялық зерттеу хаттамасы № 2250002184137132 - № 54 сәбізден жасалған салаттан ішек таяқшалары тобының бактериясы және E.Coli бактериясы анықталды. Бұл, Кеден одағы комисииясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы шешімімен бекітілген ТРТС талаптарына сәйкес келмейді, №880 ТР КО 021/2011 тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы 1,8 тармағы, 1 кесте, 2 қосымшаның бұзушылығы болып табылады.
7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар жалға алушы ЖК А.Б.Шойбеков «Дина» гипермаркетінде орналасқан кондитерлік цех.
8.Қабылданған шаралар- әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, 58 980 теңгеге айыппұл салынды.

 

Дата публикации
13 марта 2025