Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі 03.02.2025 жылғы № 38 шұғыл хабархат.
2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе қалалық санитариялық-эпдемиологиялық бақылау басқармасы.
3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) тартылмады.
4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі 04.02.2025-19.02.2025 ж.
5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар ЖК «Салмен», «Жент» отбасылық асханасы.
6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты 2025 жылдың 10 ақпанныдағы шайындыларды микробиологиялық зерттеу хаттамасына сәйкес №2250002184105207, нәтижесінде 1 тағамға арналған тарелкадан, 1 тағамға арналған контейнерден, котлетке арналған қасықтан, шикі етке арналған тақтайшадан, нанға арналған тақтайшадан ішек таяқшалары тобының бактериясы анықталды. Сонымен қатар подностан алтын түстес стафилококк анықталды. Яғни, жабдықты тазалау, жуу дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жүргізілмейді. Бұл "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 58 бұйрығының 4 тарауының, 55, 58 тармағының бұзушылығы.
Тамақ өнімдерін микробиологиялық зерттеу хаттамасы № 2250002184105419 № 42 тұшпарадан proteus бактериясы, №43 пиццадан патогенді стафилококк анықталды. Бұл, Кеден одағы комисииясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы шешімімен бекітілген ТРТС талаптарына сәйкес келмейді, 880 ТР КО 021/2011 тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы 1,8 тармағы, 1 кесте, 2 қосымшаның бұзушылығы.
7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар ЖК «Салмен», «Жент» отбасылық асханасы.
8.Қабылданған шаралар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425 бап, 1 тармағымен Жауапты жеке тұлғаға 58980 тг айыппұл салынды.

 

Дата публикации
13 марта 2025