Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі 13.02.2025 жылғы №761,№762,№763 13.02.2025ж. шұғыл хабархаттар.
2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе қалалық санитариялық-эпдемиологиялық бақылау басқармасы.
3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) тартылмады.
4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі 14.02.2025-28.02.2025 ж.
5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар Жеке кәсіпкер Каримбылаев Айбек Амирханович«Sushi-chef-aktobe» фасфут желісі
6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты - бұзушылық анықталды.
Персоналға арналған раковина (қол жуғыштар) жууға арналған құралдармен , қолды сүртуге және (немесе) кептіруге арналған құралдармен , қамтамасыз етілмеген, бұл ҚР ДСМ 2022жылдың 17 ақпанындағы № ҚP ДСМ- 16 "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 35 тармағының 3 тарауының бұзушылығы болып табылады.Бөлшектеу пышақтары, тақташайлар таңбаланбаған, бұл ҚР ДСМ 2022жылдың 17 ақпанындағы № ҚP ДСМ- 16 "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 53 тармағының 4 тарауының бұзушылығы, болып табылады.
Жинау мүкәммалы , мақсаты бойынша таңбаланбаған, бұл ҚР ДСМ 17.02.2022ж №ҚP ДСМ -16 санитариялық қағидасының 66 тармағының 4 тарауының бұзушылығы болып табылады.Тексеру кезінде дезинфекциялау құралдары жоқ, бұл ҚР ДСМ 17.02.2022ж №ҚP ДСМ -16 санитариялық қағидасының 64- тармағының 4- тарауының бұзушылығы болып табылады.Жұмыртқаға арналған таңбаланған ыдыс жоқ, бұл ҚР ДСМ 17.02.2022ж №ҚP ДСМ -16 санитариялық қағидасының 127- тармағының 5 - тарауының бұзушылығы болып табылады.Азық-түлік өнімдерін сақтау кезінде тоңазытқышта тауарлық көршілестігі сақталмайды, яғни соус ,шұжық шикі жұмыртқалармен сақталған, бұл ҚР ДСМ 17.02.2022ж №ҚP ДСМ -16 "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 104 тармағының 5 тарауының бұзушылығы болып табылады.Жылу бөлу көздері болып табылатын жуу ванналарының үстіндегі жергілікті (жергілікті) сору жүйелерінің жабдығымен қамтамасыз етілмеген ,бұл ҚР ДСМ 2022жылдың 17 ақпанындағы № ҚP ДСМ- 16 "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 3 тармақшасының 43 тармағының 4 тарауының бұзушылығы болып табылады.Арнайы киімді жуу мен дезинфекциялауды ұйымдастыру және жүргізу орталықтандырылып жүзеге асырылмаған , бұл ҚР ДСМ 2022жылдың 17 ақпанындағы № ҚP ДСМ- 16 "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 292 тармағының 8 тарауының бұзушылығы болып табылады.Дезинфекции, дезинсекции , дератизации келісім шарты ұсынылмады, бұл ҚР ДСМ 2022жылдың 17 ақпанындағы № ҚP ДСМ- 16 "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 67 тармағының 4 тарауының бұзушылығы болып табылады.Тамақ өнімдерін сақтауға арналған қоймада ауаның температурасын, салыстырмалы ылғалдылығын өлшеуге арналған бақылау-өлшеу аспабымен жабдықталмаған, бұл ҚР ДСМ 17.02.2022ж №ҚP ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидасының 107 тармағының ,5 -тарауының бұзушылығы болып табылады.Бекітілген өндірістік бақылау бағдарламасы ұсынылмады ,бұл ҚР ДСМ 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 3-тармағының, 1-тарауының, 9-тармағының, 2-тарауының талаптарын бұзушылығы болып табылады.
7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар Жеке кәсіпкер Каримбылаев Айбек Амирханович«Sushi-chef-aktobe» фасфут желісі
8.Қабылданған шаралар- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425 бап, 1 тармағымен Жауапты жеке кәсіпкерге 452180 тг айыппұл салынды