Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі 28.02.2025 жылғы № 574 шұғыл хабархат.
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе қалалық санитариялық-эпдемиологиялық бақылау басқармасы.
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) тартылмады.
  4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі 30.01.2025-11.02.2025 ж.
  5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар ЖКБалғазина Р.М, «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ-нің №40 жалпы білім беретін орта мектебі КММ қарасты асханасы
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты

2025 жылдың 04 ақпанында шайындыларды микробиологиялық зерттеу хаттамасына сәйкес №2250002184085266, нәтижесінде піскен етке арналған үстелден, ыдысқа арналған үстелден, шикі етке арналған пышақтан ішек таяқшалары тобының бактериясы анықталды Яғни, жабдықты тазалау, жуу дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жүргізілмейді.  Бұл "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 58 бұйрығының 4 тарауының, 55, 58 тармағының бұзушылығы.

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар ЖКБалғазина Р.М, «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ-нің №40 жалпы білім беретін орта мектебі КММ қарасты асханасы

8.Қабылданған шаралар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425 бап, 1 тармағымен Жауапты жеке тұлғаға 58980 тг  айыппұл салынды.

Дата публикации
13 марта 2025