Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі 29.11.2024 жылғы №3629-25.11.24ж., №3647-26.11.24ж.,№3690-29.11.24ж. шұғыл хабархаттар.
2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе қалалық санитариялық-эпдемиологиялық бақылау басқармасы.
3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) тартылмады.
4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі 03.12.2024-13.12.2024 ж.
5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар Ақтөбе қаласының ММ №8 орта мектебінің асханасы "KG Сервис" ЖШС.
6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты тексеру барысында 28 қараша күнгі ас мәзірі бойынша кисельден тәуліктік сынама қалдырылмаған, бұл "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 58 бұйрығының 282 тармақ, 7 тарауының бұзушылығы болып табылады. Анықталған бұзушылық бойынша тиісті шара қолданылатын болады.
7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар Ақтөбе қаласының ММ №8 орта мектебінің асханасы "KG Сервис" ЖШС.
8.Қабылданған шаралар Ақтөбе қалалық полиция басқармасының басшысы А.Қалиевке (шығыс 24-24-16-4-49/2224-И 02.12.2024 ж.) хат жолданды. Айтылған басқармалардан жауап хат күтілуде.