Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі 09.12.2024 жылғы № 3829, №3843, №3844 шұғыл хабархат.
2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе қалалық санитариялық-эпдемиологиялық бақылау басқармасы.
3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) тартылмады.
4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі 09.12.2024-23.12.2024 ж.
5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар ЖК «Аман», «Qazaq food» фасфуд желісі.
6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментіне және Ақтөбе қалалық басқармаға өз қызметін басталуы және тоқтатылуы туралы хабарлама бермеген,бұл «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы » Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексіның 2 тармақшасының 1 тармагының 24 бабының, ҚР ДСМ 17.02.2022ж № ҚP ДСМ- 16 "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 4 тарау 45 тармақтарының бұзушылықтары болып табылады, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырындағы № 202-V ЗРК «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңының 1 тармагының 17 бабының бұзушылығы.
Аумақта қоқыс жинауға арналған қақпағы бар контейнер орнатылмаған, контейнерлер алаңы қарастырылмаған, қалдықтардың оның шегінен тыс таралуын болдырмайтын контейнерлер алаңы жоқ, бұл ҚР ДСМ 17.02.2022ж №ҚP ДСМ -16 "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидасының 277 тармағының , 6 тарауының бұзушылығы. (бұдан әрі - 17.02.2022 жылғы № ҚР ДСМ- 16 санитариялық қағидалары).
Тамақтану объектілері үй-жайларының көлемдік-жоспарлау, конструктивтік шешімдері, орналасуы және мөлшері 021/2011 КО ТР техникалық регламентінің талаптарына және осы Санитариялық қағидаларға сәйкес азық-түлік (тамақ) шикізатының, шикі жартылай фабрикаттар мен дайын тамақ өнімдерінің, пайдаланылған және таза ыдыстардың қарсы немесе тоғыспалы ағынын, сондай-ақ келушілердің және қоғамдық тамақтану өнімдерін дайындауға қатысатын персоналдың қарсы қозғалысын болдырмайтын технологиялық процестердің дәйектілігі мен ағымы қамтамасыз ете отырып көзделмеген, бұл ҚР ДСМ 17.02.2022ж "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидасының11 тармағы, 2 тарауының бұзушылығы (бұдан әрі - 17.02.2022 жылғы № ҚР ДСМ- 16 санитариялық қағидалары).
Тексеру кезінде пісіру пеші үстінде сору қондырғы жүйесімен жабдықталмаған, бұл ҚР ДСМ 17.02.2022ж №ҚP ДСМ -16 санитариялық қағидасының 3-тармақшасы, 43 тармағы, 3 тарауының бұзушылығы.Азық-түлік өнімдерін бөлшектеу тақтайшалары, пышақтары таңбаланбаған, бұл ҚР ДСМ 17.02.2022ж №ҚP ДСМ -16 санитариялық қағидасының 48,53- тармағының, 4- тарауының бұзушылығы.
Жұмыртқаға арналған таңбаланған ыдыс жоқ, бұл ҚР ДСМ 17.02.2022ж №ҚP ДСМ -16 санитариялық қағидасының 127- тармағы, 5- тарауының бұзушылығы болып табылады.Азық-түліктер мен шикі тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін растайтын ілеспе құжат ұсынылмады, бұл ҚР ДСМ 17.02.2022 ж № ҚР ДСМ - 16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарының 96-тармағы, 5-тарауын бұзушылығы болып табылады. Жинау мүкәммалы бөлінбеген, мақсаты бойынша таңбаланбаған, бұл ҚР ДСМ 17.02.2022ж №ҚP ДСМ -16 санитариялық қағидасының 66 тармағы, 4 тарауының бұзушылығы болып табылады. Мұздатқыштар камералары қар мен мұздан тазартылмаған, бұл ҚР ДСМ 17.02.2022ж. № ҚРДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарының 56-тармағы, 4-тарауын бұзушылығы.
2024 жылдың 13 желтоқсанындағы шайындыларды микробиологиялық зерттеу хаттамасына сәйкес №2240002183902269, нәтижесінде сушиға арналған тақтайдан, күрішке арналған табақтан ішек таяқшалары тобының бактериясы анықталды. Сонымен қатар тоңазытқыш тұтқасынан аспазшы А. Бисенбаев қолынан алтын түстес стафилококк анықталды. Яғни, жабдықты тазалау, жуу дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жүргізілмейді. Бұл "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 58 бұйрығының 4 тарауының, 55, 58 тармағының бұзушылығы.
2024 жылдың 13 желтоқсанындағы тасымалдаушылыққа микробиологиялық зерттеу хаттамасына сәйкес (стафилококқа зерттеу) №2240002183920093, нәтижесінде аспазшы А. Бисенбаевтан, Т.Коныртаевтан s.aureus анықталды №577-78, 587-88. Бұл, «Жіті ішек инфекцияларының алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ-нің 2022 жылғы 5 қазандағы № ҚР ДСМ-111 бұйрығының 2 тарау, 11 тармағының бұзушылығы анықталды.
7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар ЖК «Аман», «Qazaq food» фасфуд желісі.
8.Қабылданған шаралар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425 бап, 1 тармағымен айыппұл салынды. өз қызметін басталуы және тоқтатылуы туралы хабарлама бермеген бойынша сотқа материал дайындалуда.

 

Дата публикации
05 января 2025