Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі 14.10.2024 жылғы № 3212,3213,3214,3215 шұғыл хабархаттар.
2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе қалалық санитариялық-эпдемиологиялық бақылау басқармасы.
3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) тартылмады.
4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі 16.10.2024-30.10.2024 ж.
5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар Ақтөбе қаласының ММ "№16 орта мектебінің асханасы" ЖК Наурузбаева. Г.М.
6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты тексеру барысында аспазшы көмекшісі Наурызбаева Қ шикі ет бөлшектеу үстелін өз мақсаты бойынша пайдаланып, бұл "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығының 48 тармақ, 4 тарауының бұзушылығы болып табылады. Аспазшы көмекшісі Наурызбаева Қ жұмыс барысында зергерлік бұйымдар тағып алғаны (алқа, сырға) анықталып, бұл "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 58 бұйрығының 296 тармақ, 8 тарауының бұзушылығы болып табылады.
7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар Ақтөбе қаласының ММ "№16 орта мектебінің асханасы" ЖК Наурузбаева. Г.М.
8.Қабылданған шаралар Ақтөбе қалалық полиция басқармасына шығыс №24-25-15-4/49/1933-И 17.10.2024 жылы ҚР қылмыстық кодексінің 304 бабына сәйкес, бұл әрекетке (әрекетсіздікке) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілерінің болу немесе болмауына байланысты, заңға сәйкес анықтап беру туралы хат жолданды.