«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы
бойынша құқықтық оқыту
2024 жылы 15 қазан күні Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, департаменттің сондай-ақ қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары үшін (Zoom платформасында) Ақпаратқа қол жеткізу туралы тақырыбында құқықтық оқыту өткізді.
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алу және тарату жөніндегі әркімнің конституциялық құқығын іске асыру нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Құқықтық оқытуды өткiзу барысында департаменттің және аумақтық басқармалардың барлық қызметкерлеріне ақпаратқа қол жеткізу саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен қағидаттары және де ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі міндеттері түсіндірілді.