Үстіміздегі жылдың 16 шілдесінде Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның Ақтөбе қалалық басқармасының қызметкерлеріне «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексімен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексіне Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 6 сәуірдегі № 71-VIII ҚРЗ Заңымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндап, жоспардан тыс құқықтық оқыту өткізілді.